Қытай әншілері - Арман-ай (БейнеМәтін)

Қытай әншілері - Арман-ай (БейнеМәтін)

Август 27, 2019

=================================================
сөзі: Қыдырхан Мұқатайұлы.
әні: Тұрсынғали Мұхаметханұлы
=================================================
Ойласам мынау, Өмірді жалған.
Көп екен шіркін, Адамда арман.

Түлкіні көріп, Көргенді жерден.
Қырандар аз ба!?
Қапыда қалған.
Осыған ұқсас, Мендегі арман.

Арман-ау ару, Қарамайсың ба?
Жаныңа мені, Баламайсың ба?

Жүрегім жүдеу, Аямайсың ба?
Кетесің әр күн, Жаралайсың да!
Жасық деп әлде, Бағалайсың ба?

Дариға-ай арман, Балаймын жанға, Тіл қатшы маған, Қайдасың, қайда?

Іздеймін сені, Қанатым талып, Осында ма? — деп.
Қараймын айға, Қараймын айға, Арайлы таңда.

Жалғыздық арман, Баласы жоққа.
Бергендей болып, Анасын отқа.

Кезіктір мені, Ғаламда мынау.
Көңілде ешбір, Шарасы жоққа.
Көңілде ешбір, Жарасы жоққа

Біреудің ерте, Шырағы жанған.
Шошынып ұшқан, Аққулы көлден.

Қатыгез арман, Жолдарың қатер.
Қайғың бар ауыр, Зіл қара жерден.
Пенделер шіркін, Бәріне көнген.

Ғашықтық арман, Қорланың Естай.
Қойған ба бір күн, Әніне қоспай.

Ләйлі мен Мәжнүн, Сәлиқа, Сәмен, Тігілмей жатып.
Құлаған қостай.
Арман-ау, арман, Қойдың ғой қоспай.

Тіршілік жолы, Арманға толы.
Сезімі жоқтар, Біле ме мұны?

Жер екеш жер де, Емес қой бірдей.
Бір жері қабыр, Бір жері соғыс.
Арманға толы, Тіршілік жолы.

Арман-ау, арман, Арман-ау, арман.
Шөліркеп келем, Шықсаңшы алдан.

Іздеймін сені, Арайлы таңнан.
Кештерде сансыз, Жұлдыздар жанған.
Жұбатшы келіп, Көңілді қалған.

Жерұйық іздеп, Асан да өтті.
Білінбей небір, Асаулар кетті.

Ақ жауын тілеп, Отырам әр күн.
Жүректе жанған, Басар деп отты.
Басылмай өрті, Шарпи ма көкті?!

Дауылда буған, Болатпен белін.
Армандап кетті, Махамбет елін.

Өзің деп соғар, Жүрегім менің.
Жүзейін келші, Арманның көлі.

Өзің деп соғар, Жүрегім менің.
Жүзейін келші, Арманның көлі.
=================================

 131  7

8,125 просмотров

comments powered by Disqus
2:55 Жазира Байырбекова - Қазақ қызы әдемі (БейнеМәтін)

Жазира Байырбекова - Қазақ қызы әдемі (БейнеМәтін)

=====================================================
Қос бұрымың өріліп
Тобығыңа-ай төгіліп
Көздің жауын алады-ай
Сондай көркем көрініп

Ай жүзіне сарайлы
Тамсандырды талайды
Көрген жандар өзіңе
Хор қызындай қарайды

Сен қазақтың қызысың
Жібек, Баян ізісің
Асып кетер сендерден
Сұлулар жоқ біз үшін
Иманымен әдемі
Қарапайым әлемі
Біздер үшін қашанда
Қазақ қызы-ай ой әдемі

Өзін-өзі баптаған
Ана үлгісін жаттаған
Қазақ қызы қадірлі
Ар-ұятын сақтаған

Ұзын пейіл жамылған
Үлкендерге бағынған
Қазақ қызы осылай
Барша жұртқа-ой танылған

Сен қазақтың қызысың
Жібек, Баян ізісің
Асып кетер сендерден
Сұлулар жоқ біз үшін
Иманымен әдемі
Қарапайым әлемі
Біздер үшін қашанда
Қазақ қызы-ай ой әдемі

Сен қазақтың қызысың
Жібек, Баян ізісің
Асып кетер сендерден
Сұлулар жоқ біз үшін
Иманымен әдемі
Қарапайым әлемі
Біздер үшін қашанда
Қазақ қызы-ай ой әдемі
======================================================

 143  5

5,783 просмотров

4:3 دارىيعا-اي❤ ,Дариға-ай - ەرجان ماديار ۇلىنىڭ ورىنداۋىندا ءوز ءانى . Ержан Мадияр ұлы

دارىيعا-اي❤ ,Дариға-ай - ەرجان ماديار ۇلىنىڭ ورىنداۋىندا ءوز ءانى . Ержан Мадияр ұлы

МҰЗАРТ тобының орындауында
————————————————————————————
Ержан Мадияр ұлының әні "Дариға-ай": https://www.youtube.com/watch?v=RxPHJ4vmUt4
Ержан Мадиярұлы – Дариға-ай(Видео)

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет!
http://qamshy.kz/Home/Show/14300

 562  68

138,678 просмотров

4:10 Қайда сол күндер❤

Қайда сол күндер❤

 311  25

33,162 просмотров

3:4 264...КАНЫБЕК ДАЙЫРБЕК УУЛУ

264...КАНЫБЕК ДАЙЫРБЕК УУЛУ

 259  7

9,840 просмотров

4:2 Ақбота Керімбекова - Аппақ гүлдер (БейнеМәтін)

Ақбота Керімбекова - Аппақ гүлдер (БейнеМәтін)

==============================================
с. Қуанышбек Төлеметов
ә. Құралай Сәтмұхамбетова
==============================================
Тыныш еді өмірім, Көріп сені өзгерді.
Сүйіп сені көңілім, Жұлдыздарға теңгерді.

Қайырмасы:
Сөз таппаймын айтуға, Мен жүремін қысылып.
Түсімде де жүрсің ғой
Аппақ гүлдер, Аппақ гүлдер, Аппақ гүлдер ұсынып.

Күлім көзің нұрлана, Тербеп нәзік сезімді.
Айтқан сөзің ойлана, Жаныма ыстық сезілді.

Қайырмасы

Жолға қарап жүремін, Қара көзді талдыра.
Сағынышты жүрегім, Бойымды өртеп жандыра.

Қайырмасы:
=================================================

 23  0

724 просмотров

14:34 Әнші Тамара Асар \ Менің анам ... Менің әкем ... \ Асыл арна
7:45 Сиз издеп жургон Жаңы той ырлары Рахымжан Жақайым 18 менен 25 ПАПУРИ.

Сиз издеп жургон Жаңы той ырлары Рахымжан Жақайым 18 менен 25 ПАПУРИ.

#каналга #катталыныздар #universal tv #казакша #әндер

 3385  853

915,916 просмотров

3:6 Бақыт Шадаева - Арыс жағасында (БейнеМәтін)

Бақыт Шадаева - Арыс жағасында (БейнеМәтін)

———————————————————————————————————————————————
с. Мұқтар Шаханов
ә. Шәмші Қалдаяқов
——————————————————————————————————————————————-
Бойында Арыстың
Өзіңмен таныстым.
Жайнаған гүлдей құрбым сен, Жағада тұрдың сен.

Жаз еді – күлкің де, Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым

Алдыңда бір бақыт
Тұрғандай тіл қатып, Толқынға қарап ойлана
Әндеттің жай ғана.

Жаз еді – күлкің де, Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым

Кете ме осылай
Әніміз қосылмай?!
Аяулы таңым – сен едің
Көрсем деп келемін!

Жаз еді – күлкің де, Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым

Жаз еді – күлкің де, Қайдасың бұл күнде?!
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым
Сені іздеп, арманым, Сыр бойын шарладым
——————————————————————————————————————————

 14  2

508 просмотров

3:27 Ернар Айдар & Зарина Омарова - Мөлдіреген-ай (аудио)

Ернар Айдар & Зарина Омарова - Мөлдіреген-ай (аудио)

Ернар Айдар & Зарина Омарова — Молдиреген-ай / Ernar Aidar & Zarina Omarova — Moldiregen-ai

Әнді жүктеу: http://agugai.kz/music/ernar-aidar-zarina-omarova-moldiregen-ai/

YouTube каналға жазыламыз: http://bit.ly/AGUGAI_yt

Тел: 7 775 406 1414
E-mail: [email protected]

Ресми сайт: http://agugai.kz
ВКонтакте: http://vk.com/agugai
Instagram: https://instagram.com/agugai
Facebook: https://www.facebook.com/agugai
Telegram: https://t.me/agugai
#әгугай #agugai #агугай

 3824  294

513,746 просмотров

4:7 Майра Илиясова - Мойынқұмда (БейнеМәтін)

Майра Илиясова - Мойынқұмда (БейнеМәтін)

===============================================================
с. Нұрсұлтан Әлімқұлов
ә. Шәмші Қалдаяқов
===============================================================
Мойынқұмда ел жайлауы
Ел жайлауы көк шалғын
Хат тауы мен Жамбыл тауы
Кең жайлауы достардың

Мойынқұмда, Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Мойынқұмда, Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар, ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!

Қалалардай сәулеті бар
Қарабөгет, Талғабай
Ағыл-тегіл дәулеті бар
Шудың бойы малға бай

Мойынқұмда, Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар, ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!

Жыр алыбы Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты

Мойынқұмда, Мойынқұмда
Мойынқұмда жайлауым
Достарымның дидары
Жайдары, жайдары
Ей, ару қыздар, ару қыздар
Сұлу қыздар — сырласым
Өздеріңді құрбың жырласын!
=============================================================

 16  3

751 просмотров