Январь 22, 2014
Осыдан бес жыл бұрын бүкіл елді шулатып, сынның астында қалған "Келін" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаева бүгінде аяулы жар, екі баланың мейірімді анасы болып отыр. Әріптесім Аида Боранбай атышулы "Келіннен" кейінгі келін Гүлшараттың тұрмысымен танысып, ашық-шашық сахналаған көрініске толы фильмнің оның өміріне қалай әсер еткенін біліп көрген еді.
Атышулы "Келін" фильмі көрерменге 2009 жылдың маусым айында жол тартқан еді. Режиссер Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы шыға саласымен сынға ұшырап, қоғамды дүрліктірген болатын. Фильмге деген халықтың ызасы бір бөлек, жұрттың қызу талқысына басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Жұбаева да түскен еді.
Актриса ашық-шашық, жалаңаш сахналанған көріністері үшін қоғамның талай әңгімесіне іліккен. Өнер үшін жасаған бұл құрбандығына жасы үлкендер "фильмнен кейін тұрмысқа шықпай қалауың да ықтимал" деген де. Алайда, Қарақалпақстаннан Алматыға арман қуып келген бойжеткенді бұл сөздер фильмге түсуден айныта қоймапты.
ГҮЛШАРАТ ЖҰБАЕВА, актриса:
Алайда, уақыт бәрін өз орнына қойды. Гүлшарат бақытын тауып, тұрмысқа шықты. Бүгінде актриса бақытты әйел. Жантемір, Алина есімді бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ана. "Келіннен" кейінгі өмірім келіндік қызмет етумен жалғасып жатыр. Бірақ бұл бақыттың дәмін тату үшін де кейбір қиындыққа төзу керек болды- дейді актриса. Фильмге түскеннен кейін көзіне жас алып, жылаған сәттерін де есінен шығармапты ол.
Гүлшарат болашақ жарын фильмнен кейін жолықтырған. "Келін" фильміне қатысты тақырып бұл отбасы үшін басында ауыр болатын.
ЖАНДОС ЖҰМАҒҰЛОВ, Гүлшараттың жұбайы:
Қазір Гүлшараттың жары Жандос бәрін түсінген. Әйелін қолдаған жұбайы кино әлемімен өзі де таныса бастапты.
Алайда ендігәрі Гүлшараттың өзі де, жұбайы да мұндай фильмдерге ешқашан жоламайтынын айтады. Бірақ өнер жолында самғауына кедергі келтірмеймін дейді жұбайы. Ал, Гүлшараттың ата-енесі оның өмірде үлкендердің батасын алған, нағыз ибалы келін екенін айтады.
478 194
403,304 просмотров
«Арсыз» әйелдің ақиқаты
Эротические сцены в кино, семейные ссоры, потеря ребенка...
561 64
Отследить все события шоу-бизнеса невозможно. Не старайтесь и не тратьте время зря!! Журналисты программы "Ревю" — сделали это за Вас! Самые свежие и актуальные новости каждый день на твоем экране в 20:20 (рус) и 22:40 (каз) на НТК.
325 41
Шетелден келген қонақтармен болған сырлы сұхбат
www.beriksultan.kz
1212 408
796 597
Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды. Олар бір жарым жастағы балаларының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, күре тамырға тамшылатып дәрі құйған кезде қан тоқтата алмаған ақ халаттылар әу баста салғырттық жасаған. Ата-ананың жанайқайын Самал Қабышева жеткізеді.
1490 410
Бізге жазыл, қызықты оқиғалардың куәсі бол!
INSTAGRAM: https://www.instagram.com/hittvkz
FACEBOOK: https://www.facebook.com/hittvkz
VKONTAKTE https://vk.com/hittvkz
676 382
4550 3330
1366 232
Друзья извиняюсь за ошибики перепутав Дильназа от Макпала.Казахстанские звезды красивые чем в европе и это надо признавать.
872 593