Октябрь 14, 2016
Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тыям да бейқам күлкімді, Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау, қыздың ар-мұңы, Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем, Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды, Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды, Отырмын, міне күзетіп.
451 21
85,793 просмотров
2311 99
797 18
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда, Жастық дейтін көктеменің шағында, Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін, Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы, Кейімесін ата-қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін, Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
188 13
6275 284
Сайт: http://asylarna.kz/
Facebook: https://www.facebook.com/asylarna
ВКонтакте: https://vk.com/asyl_arna
Instagram: https://www.instagram.com/asylarna/
Twitter: https://twitter.com/asylarna
2030 35
Жыламашы қызым-ау, жыламашы!
Шорт сынады бір күнде гүл ағашы.
Бұл өмірге өкпе айтып, өзек жарды, Көздің жасын көл қылып бұламашы!
Жыламашы қызым-ау, жыламашы!
Өмір мынау қоя ма тозбасыңа, Бар жақсылық тілеймін өз басыңа!
Жыламащы қызым-ау, сен жыласаң, Әкең қалай шыдайды көз жасыңа?!
Бақытыңды баянды көрсек деп ем, Бұл өмірге не айтам өлшетпеген?
Көз жасыңның көргенде бір тамшысын, Жұлым-жұлым жүрегім бөлшектенген.
Орын берген қонақ деп төрден мынау, Қыз баласы қазақтың өрген гүл-ау!
Еркелетіп өсірген ақ ботаңның, Қандай қиын көз жасын көрген мынау!
Тамшыласа тек жаңбыр тамшыдасын, Жүрегіңді көз жасың жаншымасын!
Сен қазақтың қызысың, атқа қонған, Намысың мен жігерің қамшыласын!
Тек қызым-ау, жылама, жыламашы, Өр-қияның болады құдамасы.
Жалғыз ғана Тәңірден сұрайтыным, Өзің шыққан биіктен құламашы!
Айналайын, ақ ботам, жыламашы!
181 6
Авторы: Мұқағали Мақатаев, оқыған: Бауыржан Сапаров.
"Салтанат" күйімен сүйемелденген.
Жүре-жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбатаптық күндерімді ұзатып, Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам, Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!
Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын, Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім, Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті, кеше оқушылық кезде де
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін, Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»
Бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды, Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!
1119 55
#Фариза #Оңғарсынова атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І республикалық интернет-байқауы
9072 393
Мұқағали Мақатаев — Туған Күн
2706 191