Шығыс Қазақстан облысында қасқыр көбейіп барады

Шығыс Қазақстан облысында қасқыр көбейіп барады

Январь 21, 2016

Әсіресе Аягөз, Жарма және Көкпекті аудандарына қарасты алыс қыстақтардағы малға шауып, маза бермей келеді. Дегенмен, мамандар биыл ит-құстың адамдарға шапқаны туралы мәлімет жоқ екенін айтады.

Өткен жылы да малға ауыз салған түз тағылары шаруаларды 90 миллион теңге көлемінде шығынға батырған. Сондықтан ит-құс көбейіп кетпес үшін мамандар олардың санын анықтап, жыл сайын аулау шараларын өткізіп тұрады. Олардың 40 пайызын ғана атуға рұқсат беріледі.

Былтыр 425 қасқыр ауланса, аңшылар биыл да осы шамалас түз тағысын жоймақ. Бір қасқыр атып, терісін өткізген аңшыға 12 мың теңге сыйақы беріледі.

Медет Нұрғалиев, облыстық Табиғатты пайдалану басқармасының басшысы

-Қасқырдың адамға шапқандығы туралы мәлімет түскен жоқ. Қасқырды, атуға, аулауға жыл сайын мөлшері 9, 95 миллион теңге аралығында ақша бөлеміз.

 0  5

2,197 просмотров

comments powered by Disqus
2:1 Қаруды шірене ұстап, өлі қасқырды трофей етіп суретке түсушілер неге белең алды?

Қаруды шірене ұстап, өлі қасқырды трофей етіп суретке түсушілер неге белең алды?

Отследить все события шоу-бизнеса невозможно. Не старайтесь и не тратьте время зря!! Журналисты ‪ программы "Ревю"‬ — сделали это за Вас! Самые свежие и актуальные новости каждый день на твоем экране в 20:20 (рус) и 22:10 (каз) на ‪‎НТК‬.

 321  131

182,452 просмотров

2:44 Ақтөбеде адамдар мен малдарға қасқырлар шабуылы азаймай отыр

Ақтөбеде адамдар мен малдарға қасқырлар шабуылы азаймай отыр

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында Асқар Әбдібек есімді балаға таңертең мектепке кетіп бара жатқанда, қасқыр шапқан. Беті қатты жарақаттанған оны санитарлық ұшақпен аудандық ауруханаға жеткізіп, құтырмаға қарсы екпе жасаған. Содан бері де Ақтөбеде ит-құстың ауыл адамдары мен малдарға шабуылы азаймай отыр. Ал, кәсіпкерлікпен қоса, аңшылықпен де айналысатын кейбір азаматтар түз тағысын қазіргі заманғы озық техника көмегімен де ұстайтын болған. 20 мың долларлық моторлы шана мініп, мұздай қаруланып аң қуатын аңшылар тіпті, шекесіндегі бейнекамера арқылы қансонарды түгел түсіріп те отырады. Бір сонарда 20 қасқырға дейін ұстайтын қазіргі заманғы кәсіпкер аңшылардың өмірімен, әріптестеріміз танысып қайтты.
Бұл қансонарда қасқыр қуғандар. Бірақ, түз тағысын аулау үшін мұқият дайындық пен ұзақ жылғы тәжірибе керек. Ақтөбелік заманауи аңшылар бес қаруы сай, мінгені моторлы шана болған адамдардың өзіне қасқыр тұра шабады дейді.
Аңшы:
Тым жақындамау керек, жақындасаң, өзіңе тұра шабады.
20 жылдан бері аң аулауды кәсіп еткен бұл үш азамат қазір бір-бірін ыммен түсінетін команда. Оларға кейде Ресейден де достары келеді. Бұлар үнемі қансонарда ізге түсуді әдет қылған. Бірақ, айтуларынша, мотордың дауысын қасқырлар 10-15 шақырымнан естіп қашады. Үш шанамен қаумалап, түз тағысын басы мен қолтығын көздеп атса да, оқ тимегенде, шанамен қағып өтуге тура келеді.
Аңшылардың айтуынша, қысты күндері оларды Ақтөбенің маңындағы ауылдар кейде арнайы шақыртады. Өйткені, ит-құс ауылға, малға шабуын жиілететін шақ аз емес. Қанша сәнді, қанша қымбат техникамен аң қуса да, аңшылар бұл кәсіпті "еріккеннің ермегі емес" деп бағалайды. Бұған қоса, олар тек заң жүзінде рұқсат етілген аңдарды аулауға серт еткен.

 210  36

100,935 просмотров

2:51 Қасқыр мен Аңшы!!!

Қасқыр мен Аңшы!!!

 349  95

209,616 просмотров

2:25 1500-ден астам қасқыр атқан ақсақал

1500-ден астам қасқыр атқан ақсақал

(c) 2009-2014, Қазақстан Ұлттық арнасы http://www.kaztrk.kz

Көкпекті ауданының тұрғыны Илья Бирюков 40 жылдан астам уақыт токарь болып еңбек етсе де, бос уақытының бәрін аңшылыққа арнаған. Толығырақ... http://kaztrk.kz/.


JOIN QUIZGROUP PARTNER PROGRAM: http://join.quizgroup.com/.

 248  23

107,507 просмотров

2:38 Тарбағатай Матбаев Мұхтар

Тарбағатай Матбаев Мұхтар

Каскыр Аулау

 44  47

47,792 просмотров

0:49 6 күнде 47 қасқыр атып алған

6 күнде 47 қасқыр атып алған

Түз тағысы ауылдағы ағайынның малына шабуда. http://kaztrk.kz/.


JOIN QUIZGROUP PARTNER PROGRAM: http://join.quizgroup.com/.

 78  11

38,059 просмотров

1:20 ҚАСҚЫРҒА ШАПҚАН КӘНДЕН | QAMSHY.KZ

ҚАСҚЫРҒА ШАПҚАН КӘНДЕН | QAMSHY.KZ

ҚАСҚЫРҒА ШАПҚАН КӘНДЕН

 243  21

118,108 просмотров

8:4 айгырлар

айгырлар

 353  112

352,718 просмотров

2:18 Асыранды арқар

Асыранды арқар

Жаңақорғандық Қалау Әшімов Қаратау беткейінен тауып алған арқардың қозықасы қазір қолға үйреніп, адамдарға бауыр басқан.
Originally published at — http://www.azattyq.org/media/video/kazakhstan-arhar-kyzylorda/27512009.html

 761  30

174,944 просмотров

2:49 Сирек кездесетін қасқыр түрлері

Сирек кездесетін қасқыр түрлері

© 2013-2014 «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы. Барлық құқықтары қорғалған
Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын бастады. Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашады.
Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық — мұның бәрі «Таңшолпанда».

http://tankaz.kz

Біз әлеуметтік желілердеміз:

https://facebook.com/tankaz.kz
https://twitter.com/tankaz_kz
http://my.mail.ru/mail/kaiyrly_tan20
http://vk.com/tansholpantv
http://instagram.com/tankaz_kz
https://plus.google.com/u/0/116321195791204573058

 184  22

63,870 просмотров