«Соғады жүрек». Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған кеш

«Соғады жүрек». Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған кеш

Июнь 7, 2015

«Соғады жүрек». Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған кеш

 1066  112

195,000 просмотров

comments powered by Disqus
2:15:10 Сержанәлі Әлібектің "Моншақтым"атты ән кеші толық нұсқасы
20:6 Бақыт деген не?

Бақыт деген не?

Мәуліт салтанатында қойылған діни қойылым. М. Әуезов театр әртістері сомдаған "Бақыт деген не?" деген қойылым. Авторы ҚМДБ діни уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлім меңгерушісі Асылбек Ноғаев.

 836  39

146,126 просмотров

1:38:29 «Әнім сен едің» Ш.Қалдаяқов концерті
3:27 М Мақатаев Ғашықпын

М Мақатаев Ғашықпын

 1251  68

214,661 просмотров

4:57 "Сен шынымен жоғалдыңба" - Мұқағали Мақатаев, Шаба Әденқұл қызы. Қытай Қазақтары
3:39 Айгүл Қосанова - Ақтанның термесі /Aigul Kosanova -Aktannin termesi /
5:21 Мұқағали Мақатаев - Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? (мәтінімен)

Мұқағали Мақатаев - Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? (мәтінімен)

Мұқағали Мақатаевтың "Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?" өлеңіне жазылған Айжігіт Асановтың әні. "Не келіп не кетпеген бұл ғаламнан...." М.Макатаев

Балаларға арналған айтуға оңай, жаттауға жеңіл, әрі көңілді жаңа әндер Ютубта мына адрестен тыңдай аласыздар:
https://www.youtube.com/channel/UCTbZskpdeagoXiGaDjXZhqQ

Алдағы уақытта да осы жерге жаңа әндер салатын боламын.
Сондықтан тіркеліп қойсаңыздар уақытылы хабардар болып отырасыздар.
Баршаңызға сәттілік тілеймін!
www.youtube.com/channel/UCTbZskpdeagoXiGaDjXZhqQ

 250  16

62,581 просмотров

9:19 8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов

8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2011» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

(28-қараша 2011, «Бейбітшілік және келісім» сарайы)

Мен — қазақпын

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап, Сәби жүрек пәк періште үніммен.

Мен — қазақпын, ұлылардың көзімін, Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен, Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.

Мен — қазақпын, мен — ұлтымның ұлымын, Мұқағали, Мұқтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін тәңірден, Мен азатпын, бір Алланың құлымын.

Мен — қазақпын, жатты бауыр көремін, Қолда барды қонағыма беремін.
Пенделікті пейіліме жеңдіріп, Ертеңіме еш алаңсыз сенемін.

Мен — қазақпын, алдаспандай өткірмін, Елім десем, келмес қарап тек тұрғым.
Өкінемін өгейсітіп өз тілін, Өзге тілде шүлдірлесе көп құрбым.

Мен — қазақпын, шындық менің ұраным, Шындықты мен алашым деп ұғамын.
Тілім, жерім, елім дейтін еңіреп, Ертең мен де ата жолын қуамын.

Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді, Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі, Бала Жамбыл — мен боламын бүгінгі!

 2619  143

397,891 просмотров

5:45 Әбиірбек Тінәлиев - Фаризаға

Әбиірбек Тінәлиев - Фаризаға

«Фаризаға»
Әні: Әбиірбек Тінәлиев
Сөзі: Мұқағали Мақатаев


Фаризаға

Фариза!

Фаризажан, Фариза қыз!

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден-біріміз арылармыз.

Біздерді де іздейтін жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де.

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге, Фаризажан, сен соны білесің бе?..

Жанарымды тұманмен тұмшаладым, Серіппесі үзіліп, тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын.

Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім…

Ақын болып несіне жаратылдым, Арасында қап қоймай қара түннің.

Қасиетін сезем деп Ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның.

Қу тірлікке құл болып, аяқ басып, Құлашымды жая алмай баратырмын.

…Момын едім, жақсы едім, ұяң едім, Аттап өттім олардың қия белін.

Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды, Жия бергім келеді, жия бергім.

Мандайымнан сипаған бір жан болса, Енді қалған өмірімді қияр едім.

Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?

Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.

Енді қалған өмірдің құрдымында, Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!

Нөл болады деп айтам, жалтармаймын, Көбейтсеңде қаншама мыңды-мыңға.

Айналаға қарайық анық барлап, (Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ).

Не туралы жазсақ та, Фариза ақын, Бағыштайық бәрін де халыққа арнап…

Фариза!

Фариза ақын, Фариза қыз!

Бірімізден-біріміз арылармыз.

Том-том болып дүкенде тұрмасақ та, Подвалдағы архивтен табылармыз…

 2434  177

393,555 просмотров