Апрель 10, 2014
Қарттар үйінде бұрын-соңды болмаған оқиға. 77 жастағы тұрғын Маргарита Соколованы бүгін немересі өз үйіне алып кетті. Кейуана қарттар үйіне былтыр қыркүйек айында орналастырылған. Мәртөк ауданының тумасы. Бір ұл, екі қызы бар. Қыздарының бірі — Белорусьте, екіншісі Ресейде. Ұлы осында тұрады, бірақ, келіншегі анасымен араластырмай қойған. Өмір бойы қиындық көріп келген қария ақыр соңында қарттар үйінен тыныштық тапты. Зейнеткерді енді үлкен қызынан туған немересі — Снежана бағамын деп отыр. 27 жастағы келіншектің күйеуі, кішкентай қызы бар. Көзі нашар көретін әжей шөбересін ойнатуға асық. Қарттар үйі 1973 жылдан бері қызмет етіп келеді десек, интернатты паналаушылардың өз үйіне оралуы бірінші рет бүгін. Былтыр марқұм болып кеткен бір қарияның немерелері аталарының бейіті орналасқан жерді сұрап келген. Мекеме басшылығы бұрын-соңды болмаған бүгінгі оқиғаны өзгелерге үлгі ету керек деген пікірде. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернатты қазір 293 адам мекен етеді. Олардың 60 пайызының ешкімі жоқ.
321 18
113,210 просмотров
Namys TV: vk.com/kyskadakyzykty
Алтынбек Қоразбаев — Қара шал.
Кілтсөздер: Алтынбек Қоразбаев, қара шал, қарттар үйі, ата-ана, 31 телеарна, сөздің шыны керек.
569 19
Еліміздегі қарттар үйінде ақ жаулықты аналар көп. http://kaztrk.kz/.
JOIN QUIZGROUP PARTNER PROGRAM: http://join.quizgroup.com/.
177 29
СКАЧАЙ МОБИЛЬНОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ BOOMKZ в Google Play и выиграй путешествие в Европу и iPhone 6! https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.tv7.boom
подробнее на http://tv7.kz
блог — http://7channel.yvision.kz/
Fb — https://www.facebook.com/tv7kz
VK — http://vk.com/tv7_kz Instagram — http://instagram.com/tv7_kz
Twitter — https://twitter.com/tv7_kz
#седьмойдлятебя — Седьмой канал — Седьмой для тебя
634 152
JOIN VSP GROUP PARTNER PROGRAM: https://youpartnerwsp.com/ru/join?98348
40 5
Еліміздеің барлық өңірінде дерлік имандылыққа бет бұрып, ерекше киінгендер күн санап көбеюде. Айналасындағылардың сынын иманына сынақ деп білетіндер арасында өз отбасынан аластатылып жатқандары да жеткілікті.Әсіресе, тұмшаланған қыздар «талақ» сөзінің құрбанына айналдық дейді. Олардың дені өзі сияқты иманды жігітпен некесін қиып, өмірін сеніп тапсырады.Ұзақ уақыт өтпей иманы берік деген азаматы «талақ» арқылы жауапкершіліктен бас тартады. Осындай некені бір басынан бірнеше рет өткерген ана, басқа мұсылман қыздарға өмірінің сабақ болғанын қалайды.
828 398
Түрмеге саяхат! Бүгін Шымкент оқушылары қаладағы 167/11 уақытша ұстау абақтысына барды. Бұл Әл-фараби аудандық прокуратурасы өкілдерінің бастамасы. Осы арқылы қылмыс жасаған замандастарының жағдайын оқушыларға көрсету жоспарланған. Осы күні 50 оқушы түрлі деңгейдегі қылмыстар жасап темір торға қамалған жасөспірімдермен тілдесті.
166 32
Мені тырмамен ұрып, қыста қар күретті! Бір жыл әлдебір адамдардың қолында құлдықта отырып, әрең дегенде сыртқа қашып шықтым деген 9 жасар қыз бүгін арнамыздың тілшілеріне осылай деп шағым айтты. Жәбірленушінің бұл шағымы бойынша жаңалықтар бөлімінің журналистері жергілікті тәртіп сақшыларымен бірігіп Алматы облысының Ұзынаған елдімекеніне барып қайтқан еді.
490 163
Баспанасын су басқан, басқа барар жері жоқ алты жүзден астам тұрғын мектептерден пана тапты. Мектепте уақытша тұрып жатқандардың 26-сы бала. Олар әзірше осы мектепте оқиды. Суда қалған үйлерін ойлап, уайымдап отырғандардың жанында күндіз-түні дәрігерлер кезекшілік етіп жүр. Әйелдер әлсін-әлсін қан қысымын өлшетеді. Мектепті паналаушыларға үш мезгіл ыстық тамақ қарастырылған. Азық-түлікті қала тұрғындары әкеліп жатыр. Мектептің бір бөлмесінен қойма жасақталған. Тасқыннан зардап шеккендерге киім-кешек, аяқ киім, көрпе-төсек, жуыну құралдары үздіксіз тасылып жатыр. Кеше қаладағы компаниялардың бірінің қызметкерлері ауыз су әкеліп берді. Тасқыннан зардап шеккендерге ақтөбеліктер жұдырық болып жұмылып көмектесіп жатыр. Қала бойынша мұндай тоғыз эвакуациялық пункт жасақталған. №15, 26, 40, 61, 31, 10, 45 және Благодар мен Қарғалыдағы орта мектептер қызыл судан құтқарылған адамдарды әлі де қабылдап жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, уақытша паналау орындарында 843 адам бар. Бүгін түске дейін "Қызыл ай" қоғамының қызметкерлері №40 мектепке 100 матрас пен жуыну құралдарын әкеліп берген. Азық-түлік, киім-кешек пен көрпе-төсек әлі де жетіспейді.
15 5
Ұлым, қызым, менің қымбаттыларым... күндердің бір күні менің қартайып, қаусаған кезімді көресіңдер! Сол кезде, өтінерім, маған көңл бөліңдер және мені түсіну үшін сабырлық танытыңдар. Егер қолымнан жеп отырған асым түсіп кетер болса, өз киімімді өзім кие алмайтын уақыт жеткен кезде, дәл қазыр өзім істей алмай отырған істерді сендерге үйреткен күндерді естеріңе алыңдар да маған сабырылықпен қараңдар. Егер менен жағымсыз иіс сезер болсаңдар, маған ұрыспаңдар, сендер таза жүрсін деп барымды салған күндерді естеріңе түсіріңдер. Егер мен ақылға қонғысыз амал жасар болсам, маған күлмеңдер, керісінше менің ақылым, көзім болып, маған көмектесіңдер. Мен сендерге қалай өмір сүру керектігін үйреткен болсам, сендер маған ненің дұрыс- бұрыстығын қалайша үйретпексіңдер?! Мен сендерге Есеп күні жайлы хабар бердім. Меніңмен әңгімелескен кезде менің жай сөйлеуімнен жалықпаңдар, ойлау қабілетімнің баяулығанан шаршамаңдар әрі есте сақтау қабілетімнің төмендігі сендердің ашуларыңа тимесін, себебі қазіргі менің бақытым сендердің жандарыңда болып, сендермен әңгімелесуде емес пе? Егер менің аяқтарымнан күш кетіп, жүрген кезде сүрінер болсам, маған жұмсақтық танытыңдар, себебі мен өздерің тәй- тәй басып, жүріп кетпейінше қолдарыңнан жетелеген едім. Бүгін менің қолымнан ұстауға ұялмаңдар, ертең өздерің қолдарыңды ұстататын адамды іздейтін боласыңдар. Мен сендер секілді өмір ағысына қарсы жүзіпп жатқаным жоқ, керісінше, мен өмірден өлімге аяқ астым әрі оны жеңіл келер деген үмітпен тосудамын. Сондықтан да маған қарсы шықпай, менімен бірге болыңдар. Егер менің қателіктерім естеріңе түсер болса, естеріңде болсын, мен ешқашанда сендерге жақсылықтан өзге тілерім болмаған. Маған дәл қазыр жақсылық жасағыларың келсе, мені кешіріп, кемшіліктерімді асырыңдар, Аллаһ тағала да сендерді кешіріп, кемшіліктеріңді жасыратынын біліңдер. Сендердің жарқын күлкілерің мені бұрынғыдан да артық қуанышқа бөлейді, мені орталарыңнан шеттетпеңдер. Сендер туылған кезден мен жандарыңда болдым, мен өлген кезде де менің қасымда болыңдар. Мені ана өмірге шығарып салыңдар.
1383 29