«Достық» клубы ашылды

«Достық» клубы ашылды

Февраль 12, 2017

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Достық» клубы ашылды. Мұнда күрмеуі күрделі проблемалар қоғам сүзгісінен өтіп, тиісті орындарға ұсыныс ретінде жолданады. Орталық жастардың ептеп ел саясатына араласып, өзіндік көзқарас қалыптастыруына септігін тигізбек.

«Достық». Аты айтып тұрғандай, бұл клубтың басты ұстанымы- ұлтаралық бірлікті бекемдеп, татулық пен ынтымақтастықты нығайту. Мұнда жастар ашық, қоғамдық орта қалыптастыру арқылы өз ойын іркілмей жеткізуге дағдыланады.

Мұратәлі Қалмұратов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен оңтүстіктегі колледждерде осындай «Достық» клубтары ашатын боламыз. Бұл ең алдымен татулықтың туын биікке көтермек. Әрі жастар өздерінің ойын осы ортада ашық айта алады.

Болашақ ел тізгіні – жастарда! Озық отыздыққа бет түзеген ұландар Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттің орындалуына күш салмақ. Білім ордасында алғаш болып ашылған клубқа Данияр Мұсабай төрағалық ететін болады.

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде бүгінде орыс, өзбек, түрік, қырғыз, болгар, пуштун және түркімен секілді 20-дан астам этнос өкілдерінің жастары тәлім алуда. Солардың бірі — Игорь Развожаев.

Игорь Развожаев — Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенті

Мен өзімді осындай дархан халықпен етене араласып жүргеніме өте бақытты санаймын. Мына ашылып жатқан клуб енді біздің татулығымызды одан әрі тереңдетпек. Еліміздің мақтаныш болуға әрқашан талпына бермекпіз.

Мемлекеттік органдар мен жастар арасында бірыңғай дискуссиялық алаң құру – бүгінгінің өзектісі. Сол себепті де мұндай «Достық» клубтары ендігіде түстіктегі барлық орта арнаулы оқу орындарында ашылмақ. Бұл жастарға арналған бағдарламалардың ашық, әрі тиімді жүзеге асуына ықпал етеді.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

 0  0

86 просмотров

comments powered by Disqus
2:24 Діни экстремизмнің алдын алу – жолдау жолындағы тапсырма

Діни экстремизмнің алдын алу – жолдау жолындағы тапсырма

Діни экстремизмнің алдын алу – жолдау жолындағы тапсырма
«Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын-алудың өзекті мәселелері». Осындай тақырыппен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды. Мемлекет дамуына ерекше серпін берген Елбасы жолдауында еліміздегі діни ахуалды тұрақтандырудың нақты тетіктері көрсетілді.

Бейбіт күнде ел тыныштығын бұзған лаңкестік оқиғалар жұртымыздың үрейін тудырғаны жасырын емес. Осы орайда, Елбасы жолдауындағы теріс діни ағымдар жұмысына тосқауыл қойып, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі экстремизмді насихаттаудың жолын кесу тапсырмасы бүгінгі қоғамның талабынан туындаған мәселе еді.

ҒАППАР МАЙМАҚОВ — М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АРНАЙЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

20-дан астам Заңға өзгерістер енгізілді. Қазір елімізде жүзеге асып жатқан азаматтарды мекен-жайға тіркеу жұмыстарының нәтижесі де дұрыс болуы керек.

Қуатты мемлекет белгілерінің бірі – қауіпсіздік ахуалы. Елбасы діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа қарсы «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруға ерекше көңіл аударды. Тіпті, темір тордың ар жағындағы азаматтарымызға арналған діни сауаттандыру жұмыстарының салмағын арттыра түсу қажеттігін айтты.

МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ

Өзге елдердегі экстремистік жағдайларды көріп жатырсыздар. Біз оларға көмектесіп, діни текетірестің мүлдем жойылу жолындағы жұмысымызды жеделдетуіміз қажет....

Әлеуметтік желілердегі теріс ағым мүшелерінің жымысқы әрекеті қаншама қандасымызды қағынан жерітті. Дәстүрлі дінімізден алшақтатты. Сыртқы күштердің қолшоқпарына айналдырды. Адасқан азаматтарымыздың ата дінімізге қайтуы да осы ғаламтор бетіндегі уағыз-насихат жұмыстарына байланысты. Жиынға қатысқандар осы орайда әлеуметтік желілердегі жұмысты жүйелеуге атсалысуға шақырды.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

 0  0

213 просмотров

3:3 Рухани бай елдің бірлігі біртұтас

Рухани бай елдің бірлігі біртұтас

Рухани бай елдің бірлігі біртұтас

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Елбасы мақаласы Қазақстанның эволюциялық құндылықтарын дамытудың бірегей бағдаршамы деп айтуға толық негіз бар. Президенттің идеологиялық тұжырымдамасын түстіктегі түрлі этномәдени орталық өкілдері талқы таразысына салды. Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу қажеттігін айтты

Ғылым-білім, зияткерлік өнім. Мінсіз қызмет, сапалы еңбек ресурстары. Бұл аталғандар — болашақта ұлттың табысты болуы үшін шешуші факторлар. Қоғам дамуында қара­пайымдылық пен үнем­шілдік те аса қажет. Сондықтан Президент мінез-құлықтың праг­матизмін қалыптастыруды жөн деп санайды.

Ербол Байқонақов — «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы

Оңтүстікте 20 этномәдени орталық бар. Олар еліміздегі қандай да бір саяси өзгеріс пен даму кезеңдерін бірге еңсеріп келе жатыр. Енді рухани жаңғыруға да үлесін қоспақ.

Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы

«Вайнах». Шешен-ингуш халқы Қазақстанға 1943-44 жылдары қоныс аударып келді. Кеңес Өкіметінің тұсында олар «Халыққа опасыздық жасады» деп айыпталды. «Халық жаулары» деп танылды. Сөйтіп, ортаазиялық республикаларға жер аударылды. Қысылтаяң заманда соңғы тілім нанымен бөліскен қазақтың кеңпейілдігін бұл топ ең үлкен құрмет санайды. Енді біртұтас ел ретінде мемлекеттің рухани баюына үлес қоспақшы.

Хасан Бациев – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары

Елбасының мақаласы бізге үлкен ой салды. Енді осыған дейін дамуыдың даңғыл жолына түсіп, бағытымызды айқындап келген елміз ғой. Ендігі міндет осы рухани саланы жаңғырту болмақ.

Саяси идеологиялық құжат — Қазақстанның ұлттық рухта экономикалық әрі технологиялық дамуды көздейтін прогрессивті жолы. Елбасының парасатты пайымы, көрегендік кемеңгерлігі келешектегі үкілі үмітімізге сенім арттырды.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

 6  0

325 просмотров

30:39 Ортақ шаңырақ: Түрлі ұлттар

Ортақ шаңырақ: Түрлі ұлттар

Ортақ шаңырақ: Түрлі ұлттар

 1  0

61 просмотров

2:25 Түркімен президенті сайлауы

Түркімен президенті сайлауы

Кандидаттар тізімінде тоғыз адам. Бірақ олардың ішіндегі негізгі үміткер — елдің қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов. (Видео — орыс тілінде)
Originally published at — http://www.azattyq.org/a/vybory-presidenta-turkmenistana/28303684.html

 10  4

972 просмотров

3:22 Елбасы жұмыс сапарымен Оңтүстік облысқа келді

Елбасы жұмыс сапарымен Оңтүстік облысқа келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Күні кеше Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-ші съезін өткізіп, қазақстандық бірлікті нығайту жолдарын сөз еткен Елбасы түстікке арнаған сапарында ең алдымен, түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ассамблеяның рухани жаңғырудағы рөлін екшеді. «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін ашып, қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы ассамблеясының» ғимаратын аралап көрді

Бұл монумент — өзге ұлт өкілдерінің өткенге тағзымы, ортақ тарихқа құрметі, негізгі ұлтқа алғысы. Биіктігі — 7, 5 метр. Ұстыны мәрмәр таспен тұрғызылған. Белгінің ең биік нүктесінде бірліктің символы — шаңырақ тұр. Ал, төменгі тұсында таға бейнесі бедерленіп, негізгі тұсына Елбасы сөзі жазылған. Алғыс монументін тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған өзге ұлт пен ұлыс өкілдері тұрғызып отыр.

Қазақстандық бірлік пен тұтастықты паш ететін ескерткіш енді өңірдің патриоттық алаңшасына айналады деген үміт бар. Ол достықты нығайтып, татулықты тұғырлы етуге сеп болары сөзсіз. Ал, елдегі «мызғымас бірлікті бекем етуге әрбір азамат ат салысуы керек». Түрлі ұлыс өкілдерімен кездескен Елбасы осылай деді.

«Ассамблея елдің қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламасына да мейлінше күш салуы маңызды. Монумент басында өткен кездесуде Президент осыны шегелеп айтты.

Дәуірінде кісі аяғы үзілмеген бұрынғы «Қазақстан» театры – енді Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты. Келім-кетімге келісті мекенде бірлік ұя салады. Елдік мәні бар, бәтуалы әңгімелер айтылады. Елбасы қайта құрылымдаудан өткен ғимаратты аралап көрді. Ұлттық мәдени бірлестіктердің тату тұрып, тартымды жобаларды іске асыруына... ұлттық құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүрлерін дәріптеуіне сәттілік тіледі.

Мұратәлі Қалмұратов – Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі

Бізде мұндай мүмкіндік бұрын болмаған...

Сәулетіне сәні сай бұл ғимаратта енді қасиетті қазақ даласынан кеңдік, теңдік тапқандардың негізгі ұлтпен біріккен түрлі шаралары өтеді. Шаттық шаңырағы 800 көрермен көңіліне көрік бере алады.

МАҚСҰТ Жарылқасын

 6  1

1,597 просмотров

2:2 Открылся клуб «Достық»

Открылся клуб «Достық»

Открылся клуб «Достық»

В Южноказахстанском политехническом колледже, где учатся представители более 20-ти этносов, открылся клуб «Достық». Организатором клуба, который выступает центром взаимоуважения и налаживания дружеских отношений, явилась областная Ассамблея народов Казахстана.

«Достық», или клуб «Дружбы» — название говорит само за себя. Сюда можно будет направлять предложения, которые могут положительно повлиять на формирования крепких дружественных отношений. Здесь каждый сможет высказать свое мнение, направленное на объединение общества.

Муратали Калмуратов – Заместитель председателя Южно-Казахстанской ассамблеи народа Казахстана, заведующий секретариатом ассамблеи

В рамках задания акима области Жансеита Туймебаева такие клубы будут открыто во всех образовательных учреждениях региона. В дальнейшей, клуб « Достық» совместно с молодежными организациями будут пропагандировать казахстанский патриотизм и патриотический акт «Мәңгілік Ел».

Будущее страны в руках молодежи! Сегодня молодое поколение намерено приложить все усилия в целях реализации послания Главы государства, поддерживая его грамотную и дальновидную политику. Председателем первого клуба, стал активист Данияр Мусабай.

Сегодня в Южно-Казахстанском политехническом колледже обучаются представители свыше 20 этносов и народностей. Один из них Игорь Развожаев. Юноша считает, что ему очень повезло родиться именно в такой дружной стране, с большим будущим.

Вместе с этим, планируется внести вклад в решение актуальных вопросов путем создания диалоговой площадки между государственным органом и молодежью.

АННА Шолгина

 0  0

65 просмотров

30:7 Ортақ шаңырақ: Мемлекеттік тіл - айбыным

Ортақ шаңырақ: Мемлекеттік тіл - айбыным

Ортақ шаңырақ: Мемлекеттік тіл — айбыным

 1  0

41 просмотров

30:23 Ортақ шаңырақ: Этносаралық татулықтағы мәдени байланыс

Ортақ шаңырақ: Этносаралық татулықтағы мәдени байланыс

Ортақ шаңырақ: Этносаралық татулықтағы мәдени байланыс

 0  0

22 просмотров

30:34 Діни таным қалыптастырудағы БАҚ-тың ролі

Діни таным қалыптастырудағы БАҚ-тың ролі

#уағыз #ҰлықбекАлиакбарұлы
Діни таным қалыптастырудағы БАҚ-тың ролі

 1  0

28 просмотров

30:43 Ортақ шаңырақ: Мәңгілік Ел

Ортақ шаңырақ: Мәңгілік Ел

Ортақ шаңырақ: Мәңгілік Ел

 0  0

26 просмотров