Февраль 1, 2017
Ортақ шаңырақ: Этносаралық татулықтағы мәдени байланыс
0 0
22 просмотров
Рухани бай елдің бірлігі біртұтас
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Елбасы мақаласы Қазақстанның эволюциялық құндылықтарын дамытудың бірегей бағдаршамы деп айтуға толық негіз бар. Президенттің идеологиялық тұжырымдамасын түстіктегі түрлі этномәдени орталық өкілдері талқы таразысына салды. Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басу қажеттігін айтты
Ғылым-білім, зияткерлік өнім. Мінсіз қызмет, сапалы еңбек ресурстары. Бұл аталғандар — болашақта ұлттың табысты болуы үшін шешуші факторлар. Қоғам дамуында қарапайымдылық пен үнемшілдік те аса қажет. Сондықтан Президент мінез-құлықтың прагматизмін қалыптастыруды жөн деп санайды.
Ербол Байқонақов — «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы
Оңтүстікте 20 этномәдени орталық бар. Олар еліміздегі қандай да бір саяси өзгеріс пен даму кезеңдерін бірге еңсеріп келе жатыр. Енді рухани жаңғыруға да үлесін қоспақ.
Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы
«Вайнах». Шешен-ингуш халқы Қазақстанға 1943-44 жылдары қоныс аударып келді. Кеңес Өкіметінің тұсында олар «Халыққа опасыздық жасады» деп айыпталды. «Халық жаулары» деп танылды. Сөйтіп, ортаазиялық республикаларға жер аударылды. Қысылтаяң заманда соңғы тілім нанымен бөліскен қазақтың кеңпейілдігін бұл топ ең үлкен құрмет санайды. Енді біртұтас ел ретінде мемлекеттің рухани баюына үлес қоспақшы.
Хасан Бациев – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы төрағасының орынбасары
Елбасының мақаласы бізге үлкен ой салды. Енді осыған дейін дамуыдың даңғыл жолына түсіп, бағытымызды айқындап келген елміз ғой. Ендігі міндет осы рухани саланы жаңғырту болмақ.
Саяси идеологиялық құжат — Қазақстанның ұлттық рухта экономикалық әрі технологиялық дамуды көздейтін прогрессивті жолы. Елбасының парасатты пайымы, көрегендік кемеңгерлігі келешектегі үкілі үмітімізге сенім арттырды.
ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы
6 0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Күні кеше Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-ші съезін өткізіп, қазақстандық бірлікті нығайту жолдарын сөз еткен Елбасы түстікке арнаған сапарында ең алдымен, түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ассамблеяның рухани жаңғырудағы рөлін екшеді. «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін ашып, қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы ассамблеясының» ғимаратын аралап көрді
Бұл монумент — өзге ұлт өкілдерінің өткенге тағзымы, ортақ тарихқа құрметі, негізгі ұлтқа алғысы. Биіктігі — 7, 5 метр. Ұстыны мәрмәр таспен тұрғызылған. Белгінің ең биік нүктесінде бірліктің символы — шаңырақ тұр. Ал, төменгі тұсында таға бейнесі бедерленіп, негізгі тұсына Елбасы сөзі жазылған. Алғыс монументін тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған өзге ұлт пен ұлыс өкілдері тұрғызып отыр.
Қазақстандық бірлік пен тұтастықты паш ететін ескерткіш енді өңірдің патриоттық алаңшасына айналады деген үміт бар. Ол достықты нығайтып, татулықты тұғырлы етуге сеп болары сөзсіз. Ал, елдегі «мызғымас бірлікті бекем етуге әрбір азамат ат салысуы керек». Түрлі ұлыс өкілдерімен кездескен Елбасы осылай деді.
«Ассамблея елдің қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламасына да мейлінше күш салуы маңызды. Монумент басында өткен кездесуде Президент осыны шегелеп айтты.
Дәуірінде кісі аяғы үзілмеген бұрынғы «Қазақстан» театры – енді Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты. Келім-кетімге келісті мекенде бірлік ұя салады. Елдік мәні бар, бәтуалы әңгімелер айтылады. Елбасы қайта құрылымдаудан өткен ғимаратты аралап көрді. Ұлттық мәдени бірлестіктердің тату тұрып, тартымды жобаларды іске асыруына... ұлттық құндылықтарын насихаттап, салт-дәстүрлерін дәріптеуіне сәттілік тіледі.
Мұратәлі Қалмұратов – Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі
Бізде мұндай мүмкіндік бұрын болмаған...
Сәулетіне сәні сай бұл ғимаратта енді қасиетті қазақ даласынан кеңдік, теңдік тапқандардың негізгі ұлтпен біріккен түрлі шаралары өтеді. Шаттық шаңырағы 800 көрермен көңіліне көрік бере алады.
МАҚСҰТ Жарылқасын
6 1