Март 6, 2013
Асыл арна Ислами ағартушылық телеарнасының рухани ақпараттық филімдері Тақырыбы: Ата ана ақысы. Директоры: Мухамеджан Тазабек. Режисеры Серік Қалиев.
398 33
111,192 просмотров
420 60
511 28
Қарттар үйінде бұрын-соңды болмаған оқиға. 77 жастағы тұрғын Маргарита Соколованы бүгін немересі өз үйіне алып кетті. Кейуана қарттар үйіне былтыр қыркүйек айында орналастырылған. Мәртөк ауданының тумасы. Бір ұл, екі қызы бар. Қыздарының бірі — Белорусьте, екіншісі Ресейде. Ұлы осында тұрады, бірақ, келіншегі анасымен араластырмай қойған. Өмір бойы қиындық көріп келген қария ақыр соңында қарттар үйінен тыныштық тапты. Зейнеткерді енді үлкен қызынан туған немересі — Снежана бағамын деп отыр. 27 жастағы келіншектің күйеуі, кішкентай қызы бар. Көзі нашар көретін әжей шөбересін ойнатуға асық. Қарттар үйі 1973 жылдан бері қызмет етіп келеді десек, интернатты паналаушылардың өз үйіне оралуы бірінші рет бүгін. Былтыр марқұм болып кеткен бір қарияның немерелері аталарының бейіті орналасқан жерді сұрап келген. Мекеме басшылығы бұрын-соңды болмаған бүгінгі оқиғаны өзгелерге үлгі ету керек деген пікірде. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернатты қазір 293 адам мекен етеді. Олардың 60 пайызының ешкімі жоқ.
321 18
Еліміздегі қарттар үйінде ақ жаулықты аналар көп. http://kaztrk.kz/.
JOIN QUIZGROUP PARTNER PROGRAM: http://join.quizgroup.com/.
177 29
Новый Фильм Отелмес борыш режиссер : Cерік Таласов
Сценарист : Серік Қалиев Композитор: Руслан Шынықұлов
Оператор : Cаипов Фурхат
1821 105
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы — ата-ананың разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр», — деген. Түсінген адамға бұл сөзде терең мағына бар.
Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра сүресі, 23 аят), — дейді.
Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен емізіп, төрт ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп, таң атқызған анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың жоқ.
679 38