Январь 31, 2017
Ортақ шаңырақ: Билер алқасы
0 0
14 просмотров
Діни экстремизмнің алдын алу – жолдау жолындағы тапсырма
«Қазіргі таңдағы терроризм және діни экстремизмнің алдын-алудың өзекті мәселелері». Осындай тақырыппен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды. Мемлекет дамуына ерекше серпін берген Елбасы жолдауында еліміздегі діни ахуалды тұрақтандырудың нақты тетіктері көрсетілді.
Бейбіт күнде ел тыныштығын бұзған лаңкестік оқиғалар жұртымыздың үрейін тудырғаны жасырын емес. Осы орайда, Елбасы жолдауындағы теріс діни ағымдар жұмысына тосқауыл қойып, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі экстремизмді насихаттаудың жолын кесу тапсырмасы бүгінгі қоғамның талабынан туындаған мәселе еді.
ҒАППАР МАЙМАҚОВ — М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АРНАЙЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
20-дан астам Заңға өзгерістер енгізілді. Қазір елімізде жүзеге асып жатқан азаматтарды мекен-жайға тіркеу жұмыстарының нәтижесі де дұрыс болуы керек.
Қуатты мемлекет белгілерінің бірі – қауіпсіздік ахуалы. Елбасы діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа қарсы «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруға ерекше көңіл аударды. Тіпті, темір тордың ар жағындағы азаматтарымызға арналған діни сауаттандыру жұмыстарының салмағын арттыра түсу қажеттігін айтты.
МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ
Өзге елдердегі экстремистік жағдайларды көріп жатырсыздар. Біз оларға көмектесіп, діни текетірестің мүлдем жойылу жолындағы жұмысымызды жеделдетуіміз қажет....
Әлеуметтік желілердегі теріс ағым мүшелерінің жымысқы әрекеті қаншама қандасымызды қағынан жерітті. Дәстүрлі дінімізден алшақтатты. Сыртқы күштердің қолшоқпарына айналдырды. Адасқан азаматтарымыздың ата дінімізге қайтуы да осы ғаламтор бетіндегі уағыз-насихат жұмыстарына байланысты. Жиынға қатысқандар осы орайда әлеуметтік желілердегі жұмысты жүйелеуге атсалысуға шақырды.
ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы
0 0
211 просмотровАстана-Сервис Той-Концерт — Той-Мерекелерді, концерттерді толык, сапалы 100% уйымдастыру! Асабалар, Музыканттар, аншілер, Бишілер, Видео-Фото кызметтері, Неке кию расімі, Аю мен Панда биі, Кобік шоуы, Инструменталистер, Залды арлендіру, Пародия, Конілді тапкырлар, Фокус, Кукла театры, Казакы расімдер, Казак эстрада аншілері барі, барі барі БІЗДЕ!
Свадьба, Кыз Узату, Юбилеи, День Рождения и многое другое...
Астана-Сервис Той-Концерт — Агентство по проведению всех любых праздников, банкетов, концертов и вечеринок. Тамада (Каз, Рус), Музыканты, Фото Видео Астана, Певцы, ВИА, Фокус-иллюзионисты, Танцы шоу-балеты, Регистрация брака, Пародии, Кукольные театры, Профессиональные аппаратуры, LOve Story, Оформление Зала, 3D Баннеры, Фуршетные столы, Вывод Шанырак, Полотно, Мыльные Пузыри, Мишка и Панда 3метра, Шоу Килиманджаро. Так же розыгрыши, сценарий, режиссура праздника, сюрпризы...
8702-316-21-50 Айдархан Жандильдин
[email protected]
339 33
Ортақ шаңырақ: Этносаралық татулықтағы мәдени байланыс
0 0
22 просмотров